Непалдағы жойқын тасқын: Қазақстанның тағы бір азаматы іздестіріліп жатыр

29.08.2026 09:58 Қарақат АСЫЛОВА
Непалдағы жойқын тасқын: Қазақстанның тағы бір азаматы іздестіріліп жатыр
273
Фото: Reuters

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін қазақстандық азаматтардың қатарына тағы бір адам қосылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, үшінші қазақстандық әйелдің де апат болған аумақта болуы мүмкін екені туралы ақпарат түскен. Қазір қазақстандық дипломаттар оның мән-жайын анықтап, Непал және Қытайдың мемлекеттік органдарымен байланыс орнатқан.

Қазіргі уақытта қазақстандық туристерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері екі елдің тиісті қызметтерімен тұрақты байланыста болып, азаматтардың нақты орналасқан жерін анықтау үшін қажетті шараларды қабылдауда.

Министрлік расталған ақпарат түскен сайын жағдай бойынша қосымша мәлімет берілетінін атап өтті.

Бұған дейін Непалдағы су тасқынынан кейін Қазақстанның екі азаматшасы жоғалып кеткені хабарланған болатын. СІМ мәліметінше, олардың бірі туристік топ құрамында Непал мен Қытай арасындағы шекараны кесіп өткен.

Осылайша, қазіргі таңда апат аймағында болуы мүмкін үш қазақстандық әйелдің тағдыры анықталып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий