Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты апелляциялық соттың уақыты белгілі болды
147
Қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты іс апелляциялық сатыда 24 қыркүйек күні сағат 10:00-де қаралады. Бұл туралы марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот шешімімен айыпталушы Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оны бірнеше ауыр бап бойынша, атап айтқанда:
- ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»);
- 125-бабы 1-бөлігі («Некеге тұруға мәжбүрлеу»);
- 115-бабы 2-бөлігі («Сталкинг», яғни қудалау) бойынша толық кінәлі деп тапты.
Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес, Аймахан жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге моральдық өтемақы және адвокат қызметіне жұмсалған 5 миллион теңге шығынды өтеуге міндеттелген еді.
Алайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушының қорғаушылары шығарылған үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алдағы сот отырысында іс қайта қаралатын болады.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
17:05
Астанада апалы-сіңлілі әйелдер жасөспірім қызда...
21.09.2026
17:04
Үкімет енді құрғақ есеппен емес нақты нәтижемен...
21.09.2026
17:00
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты апелляциялық ...
21.09.2026
16:06
«Бұл әлі бөпе ғой»: Гүлзира Айдарбекова қос кел...
21.09.2026
16:00
Тоқаев Путинді телефон арқылы құттықтады
21.09.2026
15:51
Бектенов министрлер мен әкімдерге бірқатар жаңа...