«Бұл әлі бөпе ғой»: Гүлзира Айдарбекова қос келінінің арасындағы қызықты әңгімені айтып берді

21.09.2026 16:06 Мөлдір ҚАЙНАР
«Бұл әлі бөпе ғой»: Гүлзира Айдарбекова қос келінінің арасындағы қызықты әңгімені айтып берді
157
Фото: видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында екі келіні Жұлдыз бен Индираның арасында болған жайма-шуақ сәтті бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды  Politico.kz.

Продюсер кенже ұлы Заңғардың жары Индираның ашық мінезін, енесінен қысылып-қымтырылмай, ойын еркін жеткізетін еркелігін үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға әзілдеп айтып бергенін жазды.

«Жұлдызға мен: "Бұл бір ерке келін болды, енем екен демей, ойында не бар, бәрін еш саспай айта береді" десем, Жұлдыз: "Сезімнен 5-ақ жас үлкен, бұл әлі бөпе ғой, мамау" дейді. Шынында солай екен ғой», – деп жазба қалдырды Гүлзира Айдарбекова.

Енесі мен келіндерінің арасындағы бұл жарасымды әрі шынайы сырласу оқырмандардың көңілінен шығып, желіде жылы пікірлерге ұласты.

Войдите, чтобы оставить комментарий