Нұрлан Сабыровқа жаңа бизнес тіркеуге үш жылға шектеу қойылды
Қазақстандық танымал стендап-комик Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағында жаңа компания тіркеуге шектеу қойылды. Тыйым 2029 жылғы наурызға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мұндай шектеудің енгізілуіне әзілкешке тиесілі «Сабр Продакшн» компаниясының тіркеу деректеріндегі сәйкессіздіктер себеп болған. Тексеру барысында ұйымның заңды мекенжайы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні әрі Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінде бұрмаланғаны анықталды.
Ресей заңнамасына сәйкес, осындай олқылықтарға жол берген кәсіпкерлерге автоматты түрде жаңа заңды тұлға ашуға тыйым салынады. Соның салдарынан Сабыровқа 2029 жылғы 25 наурызға дейін жаңа кәсіп ашуға ресми шектеу қойылды.
Мәліметтерге сүйенсек, өнер иесі «Сабр Продакшн» серіктестігін 2025 жылғы сәуір айында кино, телебағдарламалар мен медиаконтент шығару мақсатында тіркеген болатын.
2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 14,3 миллион рубльді (шамамен 78 миллион теңгеден астам) құраған. Алайда 2026 жылдың қазан айында аталған кәсіпорынды ресми түрде тарату рәсімі басталған.
Соңғы жаңалықтар