"Өгей әкесі жүрегіне пышақ сұқты": Қостанайда анасына араша түспек болған 16 жастағы бала ажал құшты
Қостанайда 16 жастағы баланы өгей әкесі өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы “Наша газета” басылымы жеткізді.
Данияр Нұрғалиев 16 жаста болған. Отбасының досының сөзінше, марқұмның анасымен бірге тұрған ер адам баланы өлтірді деген күдікке ілінген.
«Бала анасын қорғаймын деп, жүрегіне пышақ жарақатын алған», – деді ол.
Данияр былтыр Қостанай қаласындағы №8 орта мектептің 9-сыныбын бітірген.
“Полицейлер кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, күдікті ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша, мас күйіндегі күдікті жанжал кезінде марқұмды пышақтап тастаған. Тергеу барысы Қостанай қаласының полиция бөлімі мен прокуратурасының басшылығының бақылауында”, – делінген полиция басқармасының хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...