"Ол – менің ақшама алынған үй": Жылқышының бұрынғы жұмыс берушісі күтпеген мәлімдеме жасады
966
Журналист Руслан Өтепбай жылқышы Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуовпен кездесті, деп хабарлайды Politico.kz.
Сұхбат барысында Рахат Сәрсеновтің еңбек жолы, өзара қарым-қатынасы және қоғамда қызу талқыланып жатқан оқиғалар сөз болған.
Әңгіме соңында журналист Тәжіғали Елеуовке қоғамның қолдауымен Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болғанын жеткізген. Алайда кәсіпкер бұл ақпаратқа қатысты күтпеген жауап қайтарды.
«Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды» дегенімде, ол: «Ол менің ақшама алынған үй», – деп жауап берді", – деді Руслан Өтепбай.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, қызу талқылана бастады. Көпшілік кәсіпкердің бұл сөзінің мән-жайын толық білгісі келетінін айтып, сұхбаттың жариялануын күтуде.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
19:38
Астанада шардағы газды жұтып, бейәдеп сөздер ай...
21.09.2026
18:47
Алматыда ШҚАЖ бойында « Mercedes» жүргізушісі і...
21.09.2026
17:05
Астанада апалы-сіңлілі әйелдер жасөспірім қызда...
21.09.2026
17:04
Үкімет енді құрғақ есеппен емес нақты нәтижемен...
21.09.2026
17:00
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты апелляциялық ...
21.09.2026
16:06
«Бұл әлі бөпе ғой»: Гүлзира Айдарбекова қос кел...