«Өлерін сезді»: Мәдина Ерәлиеваның сіңлісі әпкесінің соңғы күндері туралы айтты

14.07.2026 16:30 Мөлдір ҚАЙНАР
«Өлерін сезді»: Мәдина Ерәлиеваның сіңлісі әпкесінің соңғы күндері туралы айтты
253
Фото: видеодан скриншот

Қазақтың біртуар әншісі, марқұм Мәдина Ерәлиеваның сіңлісі Сағира Ерәлиева әлеуметтік желідегі парақшасында әпкесіне қатысты ел білмейтін естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Сағира Ерәлиеваның айтуынша, Мәдина Ерәлиева өмірден өтерінен жарты жыл бұрын аян түстер көріп, өзін соңғы сапарға іштей дайындаған сыңайлы. Тіпті түсінде Арыстан баб кесенесінен шақырту алған соң, бірден сонда барып құран бағыштаған. Соңғы айларда мешітке жиі барып, айналасына мейірімін көбірек төге бастапты.

"Сол жолы жолға шығуға екі-үш күн қалғанда жүгіріп жүріп балаларыма, өзіме 4-5 жылға жететіндей киімдер алып, оқуымның ақшасын төлеп тастады. Асығып, басыма қалың бас киім іздеді. Бір-екі апта бұрын үйімнің жанына гараж құрғызып, Арсеннің бір машинасын, керегі жоқтығына қоймай кіргізіп кетті. Арсен екеуміз соңғы сапарға шығарып салып тұрғанда, "Арсеннің қасында өзің болшы", – деді", — деп жазды Сағира Ерәлиева.

Әншінің сіңлісі Мәдина Ерәлиеваның қазасына қатысты қоғамда түрлі алыпқашпа әңгімелер көп болғандықтан, шындықты өз аузынан айтуды жөн көргенін жеткізді. Оның сөзінше, әпкесінің соңғы күндеріндегі асығыс әрекеттері мен ескертулері тек қайғылы жағдайдан кейін ғана түсінікті болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий