«Өмірімді өзгертті»: Димаш Құдайбергеннің концертінде көзіне жас алған мексикалық жұртты таңғалдырды
281
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концерті кезінде мексикалық жанкүйердің көзіне жас алған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бейнежазбада ер адам Димаштың орындауына толқып, көз жасына ерік берген. Кейін ол бұл сәт туралы өз пікірін білдіріп, эмоциясының себебін түсіндірді.
«Бұл мен үшін жай концерт емес еді. Біз, мексикалықтар мен латиноамерикалықтар, Димашты көптен күткенбіз. Сол сәт – арманымыздың орындалуы болды. Мен Димашты 2018 жылы таныдым, оның музыкасы өмірімді өзгертті. Сол себепті, Димаштың менің елімде ән салуы – жүрегімдегі ең үлкен арманның орындалуы», – деп жазды жанкүйер.
Ол сондай-ақ Димаш пен Қазақстанға деген ризашылығын білдіріп, «Қазақстан – менің екінші Отанымдай» деп атап өтті.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концерттері екі күн қатарынан өтті. Әншінің жанды даусымен орындаған әндері мен әсерлі шоуы көрермендердің зор ықыласына бөленді.
«Димаш бауырым, сен енді мексикалықсың!» – деп түйіндеді фанат өз жазбасын.
Соңғы жаңалықтар
21.04.2026
17:29
Дубайда қазақ баласы өмір бойына сотталған
21.04.2026
17:17
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен бүлдіршін...
21.04.2026
16:59
Мұхтар Шахановтың денесі Отырарға жеткізілді
21.04.2026
16:41
"Дружба" құбыры жабылмақ: Ресей Қазақстан мұнай...
21.04.2026
16:35
“Жұмыссыз ретінде бір миллион теңгеге дейін алы...
21.04.2026
15:46
Атырауда қаза тапқан отбасының үйінің алдына бе...