Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалды

19.12.2025 17:44 Әсел Мұрат
Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалды
439
Фото: depositphotos.com

Орал қаласының Зачаганск кентінде бір отбасының алты мүшесі табиғи газдан уланып қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 18 желтоқсанда болған. Жеке тұрғын үйде тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан бір отбасынан алты адам табиғи газдан уланған.

«1 ересек адам және 5 бала улану белгілерімен медициналық ұйымға жеткізілді. Зардап шеккендер жалдамалы үйде тұрған. Оқиға туралы хабар түскен бойда төтенше жағдайлар қызметі, жедел жәрдем, "QazaqGaz Aimaq" және жергілікті атқарушы орган өкілдері тарапынан қажетті шаралар қабылданды. Газ көзі залалсыздандырылып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - дейді әкімдіктегілер.


Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. 5 бала Зачаган кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған.

Ал балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий