Оралда полиция қызметкері жас қызды зорлады деген күдікке ілінді
1338
Қызмет бабында болған оқиға: Оралда полицей күдікке ілінді
Орал қаласында құқық қорғау органы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтемемен.
Оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару барысында шақырту бойынша оқиға орнына барған. Алайда сол жерде ол бойжеткен зорлық әрекет жасады деген күдік бар.
Аталған факті бойынша жәбірленуші тараптың арызы негізінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікке ілінген қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайлардың қатаң түрде тексерілетінін және заң бұзушылықтарға жол берілмейтінін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...