«Өте ақылды, дана жан»: Жұлдыз Өмірғали Айқынның бұрынғы жұбайы туралы пікір білдірді

24.06.2026 12:31 Мөлдір ҚАЙНАР
«Өте ақылды, дана жан»: Жұлдыз Өмірғали Айқынның бұрынғы жұбайы туралы пікір білдірді
214
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жары Әселмен арадағы қарым-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бүгінде олардың арасында өзара түсіністік пен сыйластық қалыптасқан. Мұндай қарым-қатынасқа қол жеткізуге Айқынның жауапкершілігі мен екі тараптың сабырлығы әсер еткен.

«Бұл жерде үш жақтың да төзімі мен түсіністігі маңызды болды. Ең бастысы – балалардың психологиялық жағдайын ойладық. Әкесінен алыстамасын, бауырлар бір-бірінен ажырап қалмасын дедік», – деді әнші.

Жұлдыз Өмірғали бүгінде Айқынның екі отбасынан туған балалары бір мектепте білім алып жүргенін айтты.

Сондай-ақ ол Әселге деген құрметін жасырмай, оның ақылды әрі парасатты жан екенін атап өтті.

«Әсел өте ақылды, дана жан. Қазір жазушылықпен айналысып, кітап шығарып жүр. Балалардың тәрбиесі мен жан-жақты дамуына көп көңіл бөледі», – деді ол.

Әншінің айтуынша, олар жиі араласпайды, алайда балаларға қатысты мәселелер бойынша хабарласып, байланыс ұстап тұрады.

Войдите, чтобы оставить комментарий