Ер адам сал ауруымен ауыратын туған қызын зорлап келген

Ер адам сал ауруымен ауыратын туған қызын зорлап келген
ашық дереккөз

Церебральды сал ауруына шалдыққан қызды өз әкесі зорлаған. 

Ақпаратты Facebook парақшасында Алтынай Арстанбекова  есімді қолданушы жариялады.

Белсендінің мәліметінше, анасы күйеуінің дерті бар қызына қорлық көрсететінін біліп жүрген. Ішкілікке салынған ер адам үйде жиі жанжал шығарып, сал ауруы бар қызға тиісетін көрінеді. Сондай бір сұмдық жайт орын алған күні әйел тәртіп сақшыларын шақырған. Ер адам полиция бөліміне жеткізілген. Қыздың іш киімдері зертханаға жіберілді. Ауруханада дәрігерлер қыздың зорланғанын, бірінші рет емес екенін айтқан.

Әйел бұған дейін полицияға хабарласпаған, өйткені күйеуі оны үнемі қорқытып келген. Тіпті өлтіретінін де айтқан.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу