«Өзімді ешқашан кешірмеймін»: Zeekr жүргізушісі марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады
Алматыдағы Аль-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот басталды, деп хабарлайды Politico.kz.
28 мамыр күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті. Александр Пакқа алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп, адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу бабы бойынша айып тағылған.
Іс бойынша айыпталушы Александр Пак қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады. Сот отырысында Zeekr көлігінің жүргізушісі марқұмдардың туыстарына көңіл айтып, өз кінәсін мойындайтынын жеткізді.
«Қаншалықты ауыр қайғы әкелгенімді түсінемін. Жауапкершіліктен қашпаймын және заң алдында тиісті жазамды алуым керек. Бостандыққа шыққан соң қолымнан келгенше көмектесемін. Өзімді ешқашан кешірмеймін», – деді Александр Пак.
Айта кетейік, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған. Zeekr және Mercedes көліктері соқтығысып, салдарынан Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі бойжеткен қаза тапты.
Соңғы жаңалықтар