«Өзіне байланысты»: Сейфуллин Жолбарыс жеке өміріне қатысты шындықты айтты

14.07.2026 17:07 Мөлдір ҚАЙНАР
«Өзіне байланысты»: Сейфуллин Жолбарыс жеке өміріне қатысты шындықты айтты
61
Фото: әлеуметтік желі

Танымал композитор, әнші Сейфуллин Жолбарыс әкелік жауапкершілігі, жалғыз ұлының өнер жолындағы алғашқы қадамдары және отандық той индустриясының ерекшелігі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі балаларының өзіне деген құрметін сезінетінін және әке болу үлкен жауапкершілік екенін алға тартты. Оның айтуынша, жалғыз ұлы кішкентайынан музыкаға жақын болып өскен және бүгінде өз таңдауымен өнер жолына қадам басқан. Композитор баласына бағыт-бағдар беріп, барынша қолдау көрсетіп жүргенін жеткізді.

"Балаларым әке ретінде мақтар тұтады. Оны байқаймын. Дұрыс әке болу оңай емес. Жалпы өмірде дұрыс адам болып жүрудің өзі қиын. Жалғыз ұлым кішкентайынан гитарамды көріп өсті. 10 жасынан бастап гитара ойнады. Өзінің таңдаған жолы сол. Гитараны оқыды. Анда-санда ән жазып қояды, көріп жатыр. Білмеймін, қалай болатынын. Ешқашан “өнер жолы қиын” деп айтпаймын. Репертуар таңдауда, өзі ән жазып жатқанда көмектесемін. Концерттерге жиі алып баруға тырысамын. Менікі жол салып беру, қалғаны өзіне байланысты", — деді Сейфуллин Жолбарыс.

Сонымен қатар ол еліміздегі той нарығының әлеуетіне тоқталып, той-бизнестің табысы дәстүрлі шоу-бизнестен әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. Композитор бұл үрдістің астарында қазақтың қонақжайлығы мен туыстық қатынастарды дәріптеу құндылығы жатқанын айтады.

"Шоу-бизнеске қарағанда той-бизнестің ақшасы көп. Себебі, қазақ той көп жасайды. Басқаны айтпай-ақ қояйын, өзім де той жасағанды жақсы көремін. Әкемнің 80 жылдығы, 90 жылдығы, анамның 80 жылдығы, 90 жылдығын жасадым. Ол — қанымызда бар нәрсе. Бәрі “той деген шашылу” деп қателеседі. Той — ағай-туысты жинау. Ол да бір шоу. Қазақстанның тойханаларының жарық, дыбыс жақтары қайда өсіп кеткен. Сондықтан той да өз алдына шоу-бизнес болып жатыр", — деді әнші.

Войдите, чтобы оставить комментарий