Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті
Павлодарда жедел жәрдем көлігі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 76 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
103 қызметінің мәліметінше, арнайы көлік қосулы тұрған жарық белгілері мен дабыл сигналы арқылы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шегуші көлік жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте кенеттен жолға шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қарт әйелдің екі балтырының сүйектері сынып, денесінің әр жері көгеріп, сырылған. Қазіргі уақытта зардап шегуші №1 қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Оқиғаның толық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...