Полиция Ақтауда егде жастағы адамды ұрып кеткен 4 жасты іздестіріп жатыр
988
Ақтауда бір топ жас егде жастағы ер адамды соққыға жықты, деп хабарлайды Politico.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары Ақтау қаласында жастар мен егде жастағы тұрғын арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқанын мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 22 наурызда түнгі сағат 22:30 шамасында 7-інші шағынауданда орналасқан тұрғын үйдің маңында болған. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, кикілжіңге екі жігіт пен екі қыз қатысқан және қарияның өзі бірінші болып агрессия танытып, жастарға қол жұмсамақ болған.
Қақтығыс салдарынан егде жастағы тұрғын басынан жарақат алып, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оны бірден ауруханаға алып кетті. Төбелеске қатысушылар дереу бой тасалап үлгергендіктен, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар төрт күдіктінің жеке басын анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...