"Қалыңмал төлетіп, алтын алғызған": қалыңдықтың күйеуі мен үш баласы бар боп шықты

03.02.2026 13:29 Мөлдір Талғат
277
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желі арқылы танысу ақыры қылмыстық іске ұласты. Қосшы қаласында ер адам үйлену тойына дайындалып, қалыңмал төлегеннен кейін болашақ жарының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынының айтуынша, ол қызбен өткен жылдың тамыз айында әлеуметтік желі арқылы танысқан. Қыз өзін Шымкент қаласының тумасы ретінде таныстырған. Бірнеше кездесуден кейін жұп Астанада пәтер жалдап, бірге тұра бастаған.

Кейін қыз жүкті екенін айтып, жастар үйлену туралы шешім қабылдайды. Ер адамның ата-анасы қалыңдық жағы үшін болашақ пәтерге кепіл ретінде 950 мың теңге беріп, қосымша 600 мың теңгеден астам сомаға алтын әшекейлер сатып алған. Үнемдеу мақсатында жас жұбайлар Қосшы қаласындағы жалдамалы пәтерге көшкен.

Алайда көп ұзамай қыз байланысқа шықпай, барлық қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беруді доғарған. Тексеру барысында оның бұрын тұрмыста болғаны және үш баласы бар екені анықталды.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша алаяқтық белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйелге іздеу жарияланды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий