Қанша адамның кредиті кешірілді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалар банкроттығы туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Қазіргі уақытта 45 200 адам банкрот деп танылды. Олардың қарыз сомасы 180 млрд теңге болатын. Соның барлығы кешірілді деуге болады. Соның ішінде 13 мыңнан астам адам – бес жылдан астам төлем жасай алмаған азаматтар, көптен қарыз болғандар. Қосымша айта кетсек, 2,5 мың азамат – әлеуметтік тіркеуде тұрған, жағдайы қиын жанұялар. Солардың қарызы кешірілді. Осы заң аясында жеке тұлғалардың жалпы сомасы 180 млрд теңге жеке міндеттемелерін шештік. Қандай да бір адами факторлар бұған әсер етпейді. Соттан тыс банкроттық процестері автоматтандырылған», – деді Біржанов үкіметтегі брифингте.
Заң бойынша, соттан тыс банкроттыққа арыз берушінің атында ешбір мүлік болмауы керек, қарызы көптен төленбеген, төлей алмаған жағдайлар ғана қарастырылады.
«Ал қазір талап қойып, арыз жазғандардың көбінде жеке автокөлігі мен пәтері бар. Ол азаматтар банкрот деп танылмайды», – деп түсіндірді вице-министр.
Айта кетейік, елімізде 2023 жылы 3 наурыздан банкроттыққа өтінім қабылдау басталады.
Соңғы жаңалықтар





