"Қараған сайын жүрегім ауырады": Мақпал Жүнісова көзіне жас алды

видеодан алынған кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова ағасының 24 жасында қызды құтқарамын деп өмірден озған сәті туралы сөз қозғап, көзіне жас алды. 

Мақпал Жүнісова ағасының Ертіс өзеніне батып кеткенін еске алған сәтінен видеоны Instagram парақшасында жария еткен.

"Ағамды алып кеткен Ертістің суы. Осы Ертістің суына кетіп қалды ғой. Болат деген туған ағам бір қызды құтқарамын деп 24 жасында кетіп қалды. Осыған қараған сайын жүрегім ауырады", - деп әнші көзіне еріксіз жас алады.

Желі қолданушылары өнер иесінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, қолдау білдірді. 

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу