Қарағандыда жалдамалы пәтерден екі жасөспірімнің мәйіті табылды

11.12.2025 20:03 Берік Арманов
Қарағандыда жалдамалы пәтерден екі жасөспірімнің мәйіті табылды
0
102
Фото: Жасанды интеллект

Қарағандыда облыстың екі жас тұрғыны жұмбақ жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

18 және 15 жастағы екі жігіттің денесі жалдамалы пәтерден табылған. Полицияның мәліметінше, оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

 

Әлеуметтік желілерде жасөспірім мен жас жігіттың есірткі мөлшерінен артық қолдану салдарынан көз жұмған болуы мүмкін деген болжамдар тарады. Алайда полиция бұл нұсқаны ресми түрде растаған жоқ.

 

Олардың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеушілер қазір не болғанын анықтап жатқанын, барлық нұсқаны тексеріп, куәгерлерден жауап алып, қайғылы жағдайдың мән-жайын зерттеп жатқанын хабарлады.

 

«Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тексеру мен тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий