Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Оман Сұлтанын қарсы алды
Әуежайдың келу залында екі ел басшыларының қысқаша әңгімелесуі өтті. Мемлекет басшысы Оман Сұлтанының сапарын құптап, бұл сапардың екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
— Оман экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге қол жеткізген, сондай-ақ халықаралық делдал ретінде өте белсенді әрі сындарлы рөл атқаратын табысты мемлекет ретінде танымал. Сіздің еліңіз өз өңірінде ғана емес, одан тыс жерлерде де, оның ішінде Қазақстанда да лайықты беделге ие. Елдеріміз арасындағы әріптестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін, біз оны толық ашып, тиімді іске асыруымыз керек, — деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы үшін алғыс білдіріп, алдағы келіссөздердің мазмұнды әрі табысты өтетініне сенім білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...