“Қазақ деген нөмір үшін”: Астанада шетелдік жүргізуші жазаланды
Астанада патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірінің орнына «KAZAK» деген жазуы бар Lexus автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Көлік тізгінінде 45 жастағы шетелдік азамат болған. Полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде аталған көлікті байқап, тексеру жүргізген. Нәтижесінде жүргізушінің көлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік нөмірлік белгілерге қойылатын талаптарды бұза отырып басқарғаны анықталды.
«Осы факті бойынша жүргізуші көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Алайда шетелдік азаматқа нақты қандай жаза тағайындалғаны полиция мәлімдемесінде көрсетілмеген. Ал Lexus коммуналдық мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Полиция департаменті жүргізушілерді көлікті пайдалану кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...