«Қазақмыс» жұмысшыларына инфляцияға байланысты өтемақы төлейді

05.02.2026 14:34 Нақыпбек Фатима
«Қазақмыс» жұмысшыларына инфляцияға байланысты өтемақы төлейді
39
Фото: «Қазақмыс»

«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлеріне ақпан айының алғашқы жартысында қосымша қаржы аударады, деп хабарлайды Politico.kz.

Компания өндірістік жұмыстың қалыпты жүріп жатқанын және еңбек ұжымы алдындағы міндеттемелер толық орындалатынын жеткізді. 2025-2029 жылдарға арналған ұжымдық шарт аясында корпорация жұмысшыларына индекстелген біржолғы төлем жасайды.

Төлем мөлшері 12,3 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Ұлттық статистика бюросы жариялаған 2025 жылғы ресми инфляция деңгейіне сәйкес белгіленген. Қаржы осы ақпан айының бірінші жартысында беріледі.

Сонымен қатар компания өкілдері тоқсандық сыйақы төлеу тәртібі өзгеріссіз қалатынын хабарлады.

Корпорация қазіргі уақытта қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және лайықты еңбек жағдайын жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Жұмысшыларға төленетін төлемдерден бөлек, кәсіпорындарды жаңғыртуға және өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге инвестиция бөлініп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий