Қазақстан футбол құрамасын басқаруға әлемге танымал бапкер келісті

07.08.2026 22:25 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстан футбол құрамасын басқаруға әлемге танымал бапкер келісті
169
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван ’т Шкиптің ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін тараптар келісімге келгені белгілі болған еді. Енді барлық қажетті рәсімдер аяқталып, тәжірибелі бапкер Қазақстан ұлттық құрамасын ресми түрде басқаруға кірісті.

Джон ван ’т Шкип футболшылық мансабында Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ Нидерланд құрамасы сапында өнер көрсетіп, 1988 жылы Еуропа чемпионы атанған.

Бапкерлік жолын «Аякс» клубының жүйесінде бастаған маман кейін осы команданың бас бапкері болды. Әр жылдары «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» клубтарын жаттықтырды. 2016 жылы «Мельбурн Сити» командасымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.

Халықаралық деңгейде Грекия мен Армения ұлттық құрамаларын басқарған тәжірибелі маман енді Қазақстан құрамасының тізгінін қолға алды.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының жаңа жаттықтырушылар штабы да белгілі болды. Бас бапкердің көмекшілері болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов тағайындалды. Қақпашылармен Юрий Новиков жұмыс істейді. Дене даярлығына Вадим Боровский жауап береді. Ал сарапшы бапкер қызметін Тимур Құсайынов атқарады.

Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкерлер штабы ұлттық құраманың алдағы халықаралық кездесулеріне дайындықты жақын күндері бастайтынын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий