Қазақстанда танымал дәріні қолдануға тыйым салынды

06.03.2026 12:06 Мөлдір Талғат
Қазақстанда танымал дәріні қолдануға тыйым салынды
1143
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы дәріханалардан «Стрептоцид» препаратының бір партиясы жаппай тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

2026 жылғы 23 ақпаннан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 300 миллиграммдық «Стрептоцид» антимикробтық дәрісінің бір сериясын қолдануға және сатуға тыйым салды. Аталған дәрі картон қорапқа салынған, әр қаптамада 10 таблеткадан 5 блистер бар. Препаратты «Химфарм» АҚ өндірген.

Министрлік мәліметінше, 25080430 сериялы дәрі сапа талаптарына сәйкес келмеген.

«Бұл – стандартты реттеу шарасы. Оның мақсаты – нарықта тек белгіленген сапа талаптарына сай келетін дәрі-дәрмектердің айналымын қамтамасыз ету. Шектеу тек осы серияға ғана қатысты. “Стрептоцидтің” басқа сериялары бұрынғыдай қолданыста қала береді», – делінген ведомство хабарламасында.

Ресми дерекке сүйенсек, дәріханалардың қоймаларында осы сериядан шамамен 1470 қаптама қалған, ал 4000-ға жуық қаптама сатылып үлгерген. Дегенмен әзірге бұл дәріге байланысты науқастардан жағымсыз әсер немесе шағымдар түспеген.

Қазіргі уақытта аталған серияны дәріханалар мен дистрибьюторлардан кері қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін олар өндіруші компанияға жіберіледі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, дәрінің сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі үшін өндіруші оның айналымдағы бүкіл кезеңінде жауап береді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий