Қыстың соңғы күні Қазақстанды қар мен -41 градус аяз басады
1970
Сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстанда қыстың соңғы күні ауа райы құбылмалы болады. Қазгидромет таратқан мәліметке сәйкес, сенбі күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады. Оңтүстік-шығыста түнде қалың қар күтіледі.
Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша төменгі боран, тұман және желдің күшеюі болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетсе, оңтүстік-шығыста 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
Қатты аяз да сақталады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде ауа температурасы -41°C-қа дейін төмендейді. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында -35°C дейін аяз күтіледі.
Бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жарияланған. Мамандар алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
18:51
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Па...
14.09.2026
18:16
Баян Алагөзова: Дәулетін бөліскісі келмейтін ба...
14.09.2026
17:53
Телефондар құлыпқа салынған: Тауман Назарбаевты...
14.09.2026
17:31
«Мәселе көп»: Шәкір Кейкин Атырау халқымен неге...
14.09.2026
17:03
Кенесары хан туралы сөз айтқан қырғызстандық ст...
14.09.2026
17:01
"55 млн теңге": Мақпал Жүнісова алданып қалғаны...