Қазақстандық экс-судьяның өлімі: Күдіктілерді іздеуге Ресей араласты

02.02.2026 13:04 Әсел Мұрат
Қазақстандық экс-судьяның өлімі: Күдіктілерді іздеуге Ресей араласты
238
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық экс-судьясАйгүл Сайлыбаеваны Германияда өлтірді деген күдіктілер Мәскеуде жүрген-жүрмегені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ресей Тергеу комитеті хабарлады.

Күдіктілердің Мәскеуде жүрген-жүрмегенін тексеруге ресейлік телеарна эфирінде шыққан Сайлыбаева туралы сюжет себеп болған.

Сюжетте «оның өліміне енесі мен бұрынғы күйеуінің қатысы бар болуы, олар Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге қашып кетуі мүмкін» деп көрсетіледі. 

Телеарнаға шыққан сюжеттен соң марқұм экс-судяьның ата-анасы Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге жүгінген.

«Сюжетте келтірілген деректерге сәйкес Ресей Федерациясы тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процессуалдық тексеру ұйымдастырды. Бұл бас тергеу басқармасының басшысына тапсырылды», – делінген ақпаратта.

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

Айгүл Сайлыбаева – Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы судьясы.

Ол 2024 жылдың маусым айында байланысқа шықпай, Германияда жоғалып кеткен еді. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Оның із-түзсіз жоғалғанына уайымдаған туыстары Айгүлдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, Франкфурт-на-Майндегі Қазақстанның Бас консулдығына жүгінген.

Сол уақытта оның енесі де жоғалып кеткен. Германия тергеу органдары енесін негізгі күдікті ретінде қарастырған.

Марқұмның денесі 2024 жылы 16 маусымда Бенсхайм қаласының шетіндегі Эрлахе карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Сараптама оның пышақ жарақаттарынан қаза тапқанын анықтаған. Сондай-ақ Айгүл Сайлыбаеваның жүкті болғаны белгілі болды.

Күдікке ілінгендердің қатарында марқұмның күйеуі Александр Донцов бар. Марқұмның анасы оның әйелінің жоғалғаны туралы полицияға хабарламағанын айтады. Тергеу мәліметінше, дәл осы адам мәйітті тасымалдауы мүмкін. Сонымен қатар ықтимал сыбайлас ретінде туысы Владимир Василенко да аталады. 

Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.

Кейіннен марқұмның күйеуі Александра Донцова мен оның анасы Наталья Донцова Мәскеу қаласында ұсталып, полицияға жеткізілгенін қазақстандық адвокат Мурат Адам мәлімдеді. Оның айтуынша, Александра Донцова мен оның анасы Мәскеу қаласындағы құқық қорғау органдарына тапсырылған.

 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий