Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында чемпион атанды
476
Қазақстандық велошабандоз Рината Султанова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшы әйелдер арасындағы жеке уақытқа жарыста (раздельный старт) үздік нәтиже көрсетті. Султанова белгіленген қашықтықты 36 минут 23,72 секундта еңсеріп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Екінші орын Қытай өкілі Чжан Хаоға бұйырды. Ол қазақстандық спортшыдан 4,86 секундқа қалып қойды. Ал Оңтүстік Кореядан келген Шин Чиын мәреге үшінші болып жетіп, Султановадан 32,42 секундқа кейін қалды.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны Азия ойындарында екі медальмен толықты. Бұған дейін ерлер арасындағы триатлон жарысында Арлан Жанабай қола жүлдеге ие болған еді.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...
20.09.2026
11:19
Ертісте қайық апатынан кейін жоғалған азаматтың...
20.09.2026
10:20
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза ...
20.09.2026
09:16
Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында чемп...