Қазақстанның Салық кодексінен "тенге" сөзі жойылады
Қазақстанның Салық кодексіне ауқымды терминологиялық өзгерістер енгізіледі. Жаңа түзетулер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ең басты жаңалықтардың бірі – кодекстің ресми орыс тіліндегі мәтінінде ұлттық валютаның «тенге» атауы «теңге» болып жазылады. Бұл ұлттық валютаны өзгерту емес, тек нормативтік-құқықтық құжаттардағы жазылу үлгісін қазақ тіліндегі нұсқаға сәйкестендіру мақсатында енгізіліп отыр.
Сонымен қатар Салық кодексіндегі бірқатар терминдер де жаңартылады. Атап айтқанда, «шетелдік» сөзі «шетел азаматы» тіркесімен алмастырылады. Сондай-ақ «республикалық референдум» атауы «бүкілхалықтық референдум» болып өзгермек.
Бұдан бөлек, құжатта жаңа конституциялық модельге сәйкес «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» және «Қазақстан Халық Кеңесі» ұғымдары енгізіледі. Сондай-ақ аумақтарды көрсету тәртібі нақтыланып, алдымен Астана қаласы, кейін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар жазылатын болады.
Бұл өзгерістер Салық кодексін жаңартылған конституциялық модельге сәйкестендіру мақсатында қабылданып отыр.
Соңғы жаңалықтар