Қазақстан–Өзбекстан шекарасында ер адам жұртты үшкір затпен қорқытқан (ВИДЕО)

Қазақстан–Өзбекстан шекарасында ер адам жұртты үшкір затпен қорқытқан (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Шекара бекетінде ер адамның агрессивті әрекеті тіркелді

Түркістан облысында Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы «Қапланбек» өткізу бекетінде төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.

Белгілі болғандай, 43 жастағы Қазақстан азаматы өткізу пунктінде адамдарға бұрауышпен (отверткамен) қорқытып, ақша талап еткен. Оқиға салдарынан шекарада кезек күтіп тұрған азаматтар арасында абыр-сабыр туындаған.  

Құқық қорғау органдары жағдайға жедел араласып, күдіктіні оқиға орнында ұстады. Ол Сарыағаш аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу