«Қазақтың дәстүрінде мұндай болмаған»: Тоқаев құшақтасып, сүйісіп амандасуға қарсы шықты

23.08.2026 14:14 Қарақат АСЫЛОВА
«Қазақтың дәстүрінде мұндай болмаған»: Тоқаев құшақтасып, сүйісіп амандасуға қарсы шықты
693
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды дәстүрлі әдеп нормаларына қайта оралуға шақырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы кездескен кезде құшақтасып, сүйісіп амандасу қазақы дәстүрге тән емес екенін айтты.

Тоқаев бұл пікірін жексенбі күні сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг барысында білдірді.

Президент жастардың да, аға буын өкілдерінің де амандасу мәдениетін бақылап, дәстүрлі әдет-ғұрыптарды қайта еске алу қажет деген қорытындыға келгенін айтты.

Оның пікірінше, ер адамдардың бір-бірін құшақтап немесе сүйіп амандасуы, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің осылайша сәлемдесуі қазақтың дәстүрлі әдеп нормаларына жат.

Тоқаев әсіресе әскери киімдегі азаматтар мен генералдардың бір-бірін құшақтап амандасатынын сынға алды. Ол Кеңес Одағының маршалдары мен Ұлы Отан соғысының жеңімпаздарын мысалға келтіріп, олардың бір-бірімен құшақтасып, сүйіскенін елестету қиын екенін айтты.

Президенттің сөзінше, ер адамдар кездескенде қол алысып, оны нық ұстағаны жөн. Сонымен қатар жылы жымиып амандасуға немесе адамға деген қуанышты білдіру үшін оң қолды жүрек тұсына қоюға болады.

Тоқаев мұндай әдеп нормаларын қалыптастыру бастамасын өзі көтергенін мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий