«Назарбаевский системаны қолдаймын»: Данияр Елеусінов желіде жазба қалдырды
Әуесқой бокстан Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйесін қолдайтыны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Спортшы өз парақшасында елдегі саяси жағдайға қатысты ойын білдірді. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі билік бұрынғы бағытты жалғастырып отыр.
«Мен Назарбаевский системаны қолдаймын. Тоқаев сол ағымның жалғасы. Бізде басқа таңдау жоқ.. Себебі орыстар бізді аңдыйды. Қытайлар сүренсек қуанады… Лучше үндемей нейтрально көтті қысып отырғанымыз абзал... Соғыс жоқ, басымыз аман бірақ тәуелді болып отыра берейік… Армия жоқ… Атомное оружие жоқ… Енді не істейміз??? Осылай отырамыз хотя бы тыныш болсын деп», – деп жазды ол.
Боксшының бұл пікірі желі қолданушыларының түсінбеушілігін тудырды. Оқырмандар оның еш себепсіз мұндай жазба жариялағанына таңғалды.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың шілдесінде Астана қаласында Данияр Елеусінов мас күйінде жол апатын жасаған болатын. Ол оқиға орнынан қашып кеткен еді. Бұл әрекеті үшін спортшы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар ол 20 тәулікке қамауға алынды.
Қамаудан шыққаннан кейін боксшы ішімдікке салынып кеткенін ашық мойындады. Қазіргі уақытта ол бұл дертпен күресіп жатқанын жеткізді. Сол кезде спортшы қиын сәтте халықтан өзіне қолдау көрсетуді сұраған еді.
Соңғы жаңалықтар