«Қазақтың үлесі 40-тан 75%-ға өсті». Экономист қандастар жетістігі туралы
584
Белгілі кәсіпкер Абай Серіктің «Қандастардың тарихи отанына оралуынан Қазақстанға қандай нақты пайда бар?» деген сауалына экономист Ербосын Нұрмұхан жауап берді. Сарапшының айтуынша, шеттегі ағайынның атамекенге қоныс аударуы — құр сандық көрсеткіш емес, елдің стратегиялық дамуына серпін берген соны серпіліс, деп хабарлайды Politico.kz.
Экономист қандастар көшінің мемлекетке тигізген оң ықпалын үш негізгі стратегиялық бағытқа бөліп көрсетті.
- Экономикалық ықпалы: 90-жылдардан бері қандастарымыз Қазақстанның экономикалық жүйесінің өзгеруіне зор ықпал етті. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде, мал шаруашылығы күйреген тұста, олар келіп, бұл саланы қайта жандандырды. Сонымен қатар жиһаз өндірісі, құрылыс және сауда-саттық салаларын дамытуда қандастардың қосқан үлесі өте зор болды.
- Тілдік ортаның дамуы: Қандастар қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілдік жүйеміздің өзгеруіне ықпал етті. Көшіп келген 1,5 миллион қандасымыздың ұрпағын қосқанда, бүгінде олардың саны 3 миллионға жетті. 3 миллион адам — бұл 20 миллион халықтың шамамен 7-ден 1 бөлігі. Ал мұндай үлкен үлес тілдік ортаға және қазақ тілінің өрістеуіне әсер етпей қоймайды.
- Демографиялық өсім: Тәуелсіздік алған жылдары қазақтардың үлесі елде 40 пайызға да жетпейтін болса, қандастардың көші-қоңының арқасында бұл көрсеткіш 75 пайызға дейін өсті. Бұл өсім келешекте 80-90 пайызға жеткенде, тілге қатысты түйткілдер де өздігінен шешіледі.
«Сондықтан қандастарымыздың елге қосқан үлесі осы үш бағыт бойынша да өте жоғары деп есептеймін», — деп қорытындылады сөзін экономист.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
15:21
Қуанышбек Үштаев Құрлық әскерлерінің бас қолбас...
21.09.2026
15:01
Қытайлық анасын жерлеуге сәтсіз күн таңдап берг...
21.09.2026
14:36
Тоқаев Пашинянды құттықтады
21.09.2026
14:08
Ақмола облысында екі бірдей әкім қызметінен бос...
21.09.2026
14:07
"11 сынып оқушылары ұрған": мектепте 15 жастағ...
21.09.2026
13:28
"4 бала сүйгім келеді". Бота Миа неліктен аналы...