Қуанышбек Үштаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

21.09.2026 15:21 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қуанышбек Үштаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды
261
Фото: gov.kz

Қуанышбек Үштаев Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Қуанышбек Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған.

Сонымен бірге осы қызметті атқарып келген Мереке Көшекбаев лауазымынан босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Мереке Көшекбаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметін 2024 жылғы қарашадан бері атқарған.

Қуанышбек Үштаев деген кім?

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев 1976 жылғы 5 қазанда Қазақ КСР Жамбыл облысы Жуалы ауданы Алексеевка ауылында туған.

1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған. 2018 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Әскери қызметін 1997 жылы 25717 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда бастаған. 2000 жылы 61993 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонының командирі болды.

2004 жылы 18404 әскери бөліміндегі жаяу әскердің жауынгерлік машинасымен жабдықталған десанттық шабуылдау батальонын басқарды. 2005 жылы 42062 әскери бөлімінің командирі болып тағайындалды.

2009 жылы 61993 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары әрі штаб бастығы болды. 2010 жылы 12740 әскери бөлімін, 2011 жылы 85395 әскери бөлімін басқарды.

2015 жылы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары әрі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2018 жылы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары әрі штаб бастығы болды.

2022 жылдан 2023 жылғы 14 қарашаға дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды. 2023 жылғы 14 қарашадан 2024 жылғы 26 қарашаға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.

Войдите, чтобы оставить комментарий