Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ: Анара Батырхан қазіргі заманның жігіттерін сынап тастады

Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ: Анара Батырхан қазіргі заманның жігіттерін сынап тастады
30.04.2025 14:01
0
153
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде тележүргізуші Анар Батырханның өзіне сөз айтқан жігіттер туралы баяндады, деп хабарлайды POLITICO.KZ ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Тележүргізушінің айтуынша, араласып жүрген жігіті ауырған кезде қамқорлық көрсетпеген.

«Ауырып тұрған кезімде мукалтин алып беруге жарамады. Оны өзім де ала аламын. Тек қамқорлығын көрейін дедім. Содан кейін бірден жоқ деп өзіңе осының бәріне көнетін амеба қыз тауып ал дедім», — дейді Анар Батырхан.

Оның бұл сөзін жақтап, “Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ”; “Ешкімнен ештеңе күтпеу керек”; “Ондай еркектер керек емес”; — деп пікір жазып жатқандар да бар.

Ал кей желі қолданушылары мүлде басқа пікірде.

«Осыны айтып отырған өзің амеба», «Осы сен байсыз қаласың-ау», «Қазіргі қыздар қиын болып кеткен», «Қу тізеңді құшақтап қалма», — деді тағы бір бөлігі. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий