Қазгидромет батыс өңірлерге қатты жауын-шашын болжады

Синоптиктер батыстағы дауылды ескертіп, солтүстікке тұманның түсетінін болжады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Қазгидромет» РМК 21, 22 және 23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде ауа райы тыныш болғанымен, батыс өңірлерде жағдай құбылмалы болады.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклон айқындайды. Осыған байланысты көптеген өңірде күн ашық болып, жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен, ауаның жерге жақын қабатының салқындауы жалғасып, түнгі уақыттағы аяз сақталады.
Алайда, елдің батысы, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығыстың шеткі аймақтары циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда көбіне бұлтты ауа райы орнап, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болады.
Ерекше атап өтетін жайт, республиканың батысында қатты жауын-шашын болуы ықтимал.
Сондай-ақ, ел аумағында желдің күшеюі болжанады. Түнде және таңертеңгі уақытта солтүстік пен шығыстың кей жерлеріне тұман түседі.
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Соңғы жаңалықтар





