ҚазҰУ ғимаратынан студент қыз құлап қайтыс болды
Қайғылы оқиға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат ғимаратында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, бойжеткен 14-қабаттан құлаған.
Аталған фактіні полиция растады. Студент қыз оқиға орнында көз жұмған.
Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайға отбасылық мәселелер себеп болуы мүмкін. Алайда нақты қорытынды тек тергеу амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Осы ретте полиция тұрғындарды расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
11:03
«Ұрықтарыңызды шашпаңыздар»: Бақыт Тұрман ерлер...
23.10.2026
10:46
«Құпияны ашатын уақыт келді…»: Димаш Құдайберге...
23.10.2026
10:18
«Мәмілеге келуге болар еді»: Құрылтай депутаты ...
23.10.2026
09:40
14 сарбаздың қазасынан кейін экс-депутат Ринат ...
23.10.2026
09:21
Бибігүл Жексенбай жаңа қызметке тағайындалды
23.10.2026
09:10
«Жаның жәннатта болсын»: Әбдірайымовтың батасы ...