Құлдықта болған Құндыз Руслан Өтепбайға бейәдеп сөздер айтып, қорқытты
Әлеуметтік желіде 17 жыл бойы құлдықта өмір сүрген Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарады. Аталған бейнежазба көпшіліктің жағасын ұстатып, қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Видеода Құндыздың: «Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын» деген сөздері анық естіледі. Сонымен қатар ол боғауыз сөздер айтып, журналистің атына ауыр айыптаулар мен қорқытулар жасаған.
Желі қолданушылары бұл әрекетті түсіне алмай, түрлі пікір білдіріп, видеодағы жағдайға күмәнмен қараған.
«Русланды жамандап тастаған сол үшін айтып отыр», «Неге мұндай болып қалған, есалаң қылып қойыпты ғой, ұрған ба, дәрі берген бе, не істеген?», «Кешегі жағдайдан кейін Руслан қайтты, олар әлі сот болмайынша сол үйде. Кім біледі, қорқытты ма, дәл осылай айтпасаң қазір өлтіріп саламыз деп», «Ауыратын адам ғой енді, ол қыздар кінәлі емес», «Әбден жүйкесі тозған ғой, білмейміз», «Мына қыз бұрын басқаша сөйлейтін, мынау қатып қарсы қойылғандай», «Халқым, мына көрініске түсініп отырсыңдар ма, ол жазадан құтылу үшін мына қызды әдейі осындай жағдайда көрсетіп отыр», «Жаттатып айтқызып, видеоға түсіріп отырған сияқты», деп жазды жұрт.
Соңғы жаңалықтар