Құрылтайдың 8 комитетіне төрағалар сайланды
Құрылтайдың алғашқы отырысында жоғары заң шығарушы органда жаңадан құрылған сегіз тұрақты комитеттің төрағалары сайланды. Палатаның отырысында депутаттар комитет жетекшілерінің құрамын бекітті, деп хабарлайды Politico.kz.
Құрылтайдың тұрақты комитеттері мен олардың төрағалары:
– Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;
– Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;
– Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
– Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;
– Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
– Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;
– Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;
– Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.
Бүгін осыған дейін жоғары заң шығарушы орган – Құрылтайдың төрағасы мен оның үш орынбасары сайланған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...