Қырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды

22.09.2026 15:24 Мөлдір ҚАЙНАР
Қырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды
247
Фото: Қырғыз мигистрлігі

Қырғызстанда етті-майлы бағыттағы «Арашан» тұқымына жататын асылтұқымды қошқар 1 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тарихи мәміле осы тұқымды дамытуға арналған халықаралық фестиваль аясында жасалған. Шараға Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген фермерлер мен сала мамандары қатысты. Бұл ақпаратты Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі растады.

Сатылған қошқар атақты өндіруші «Франкель» желісіне жатады. Айта кетерлігі, 2023 жылы дәл осы қошқар Қазақстаннан 150 мың долларға сатып алынған болатын. Бүгінде оның тұқымы мен ұрпақтары бірнеше есе жоғары бағаланып отыр.

Мәлімет үшін айта кетсек, «Арашан» тұқымы Қырғызстанда ресми түрде 2021 жылы ғана тіркелген. Дегенмен оны шығару бойынша селекциялық жұмыстар 1970-жылдардан бері жүргізіліп келеді. Ғалымдар бұл асылтұқымды малды Тәжікстаннан әкелінген гиссар қошқарлары мен жергілікті қылшық жүнді саулықтарды будандастыру арқылы алып шыққан.

Войдите, чтобы оставить комментарий