Қытай Зеленскийдің мәлімдемесіне жауап берді
Қытай Украинадағы сарбаздары туралы ақпаратты тексеріп жатыр
Қытай билігі Украина аумағында ресейлік армия жағында соғысып жүрген екі қытай азаматының тұтқындалуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Newsweek басылымына сілтеме жасап.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі журналистерге берген жауабында Пекин украиналық тараппен бірлесіп бұл ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.
«Қытай бұл ақпаратты украиналық тараппен бірлесіп тексеріп жатыр», – деді Қытай СІМ өкілі.
Ол сондай-ақ Қытай үкіметінің ұстанымын атап өтті:
«Қытай үкіметі қытайлық азаматтарға әрдайым қарулы қақтығыс аймақтарынан аулақ болуды, кез келген түрде қарулы қақтығыстарға қатыспауын және әсіресе қандай да бір тараптың әскери операцияларына араласпауын талап етеді», – деді дипломат.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский екі қытай азаматының Донецк облысында тұтқындалғанын мәлімдеген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...