Ресей Тараз, Қызылорда және Түркістанда мектептер салмақ

12.02.2026 12:12 Қарақат АСЫЛОВА
Ресей Тараз, Қызылорда және Түркістанда мектептер салмақ
182
Фото: Ашық дереккөзден
Ресей Қазақстанда жаңа мектептер мен білім орталықтарын ашуды жоспарлап отыр

Ресей Федерациясы Қазақстандағы Тараз, Қызылорда және Түркістан қалаларында жаңа мектептер салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Today.info сайтына сілтемемен.

Елші атап өткендей, бұл қадам екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту аясындағы маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, Ресейдің Омбы, Астрахань және Орынбор қалаларында қазақстандық мектептердің құрылысы да басталады. Жобалар екіжақты келісім негізінде іске асырылмақ.

«Біз гуманитарлық саладағы білім беру бастамаларын жоғары қарқынмен жүзеге асырып жатырмыз. Тараз, Қызылорда және Түркістан қалаларында ресейлік мектептердің құрылысы жоспарлануда», — деді елші.

Сондай-ақ, Алматы маңында дарынды балаларды анықтап, дамытуға бағытталған ресейлік «Сириус» білім беру орталығының филиалы ашылмақ.

Алексей Бородавкин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жасаған сапарын жоғары бағалап, оны екі ел басшылары арасындағы «ерекше одақтастық пен терең жеке сенімнің көрінісі» деп атады. Елші екіжақты қарым-қатынасты тереңдететін стратегиялық серіктестік туралы декларацияның тек қағаз жүзінде емес, нақты іс-қимыл жоспары екенін жеткізді.

Сұхбат барысында АЭС салу мәселесі де қозғалды. Елшінің айтуынша, жақын арада станция құрылысы бойынша құжаттарға қол қойылып, Ресейдің мемлекеттік несиелік рәсімдері аяқталады.

Сонымен қатар, Президент Тоқаевтың Халықаралық орыс тілі ұйымын құру бастамасы іске асырылуда. Қазақстандағы ресейлік отандастар ұйымдары мен Орыс православие шіркеуі екі ел арасындағы «гуманитарлық авангард» және этносаралық татулықтың негізі ретінде бағаланып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий