Ресейде Нұрлан Сабуровтың концерті тағы да тоқтатылды

11.12.2025 08:33 Берік Арманов
Ресейде Нұрлан Сабуровтың концерті тағы да тоқтатылды
0
35
Фото: instagram @nurlan__saburov

Рязань қаласында стендап-комик Нұрлан Сабуровтың концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Концерт 10 желтоқсанда университеттің Мәдениет сарайында өтуі тиіс еді.

Әлеуметтік желілерде әртістің концерті «тұлғадан тыс туындаған жағдайларға байланысты» болмайтыны және басқа күнге шегерілетіні көрсетілген. Ұйымдастырушылар қосымша мәлімет берген жоқ.

Бұл – Сабуровтың Ресей қалаларындағы өнер көрсетуінің бірінші рет тоқтатылуы емес. Бұған дейін оның Обнинскідегі концерті де өтпей қалған, ол жерде себеп ретінде комиктің Қазақстанға келген ресейліктер туралы айтқан қалжыңдары көрсетілген.

Қазақстан азаматы Сабуров бір сөзінде орыс тілді азаматтардың қазақ тілін үйренудегі қиындықтарын әжуа еткен, бұл қоғамда үлкен резонанс туғызған еді.

Қараша айының соңында осындай жағдайлар Нижневартовск пен Екатеринбург қалаларында да қайталанған. Әртістің менеджері бұл ақпаратты растады және барлық көрермендерге билет ақшасы қайтарылатынына сендірді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий