«Салтанатты түрде музейге тапсырамын»: Баян Алагөзова қамзол дауына қатысты соңғы сөзін айтты
924
Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған камзолға қатысты дау жөнінде пікір білдіріп, жәдігердің болашағына байланысты жоспарын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, көпшіліктің қызығушылығын тудырған тарихи киімді бірден музейге өткізбей, алдымен отбасылық маңызды сәтте пайдалануды көздеп отыр.
Продюсер бұл камзолды кенже қызы Айарудың ұзату тойында кигізуді жоспарлағанын жеткізді.
«Қызымды осы камзолмен ұзатқым келеді, содан кейін ғана оны музейге салтанатты түрде тапсырамын», – деді Баян Алагөзова.
Оның айтуынша, бұл шешім — тек жеке таңдау емес, сонымен қатар тарихи сабақтастықты сақтап, ұлттық дәстүрді дәріптеудің бір көрінісі. Қазіргі таңда бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар жәдігердің болашағына қатысты түрлі пікір білдіруде.
Соңғы жаңалықтар
30.08.2026
15:40
Астанада велосипедтен құлаған әйелді көлік қағы...
30.08.2026
14:29
«Бернлидегі» Дастан Сәтпаев тағы да ағылшын...
30.08.2026
14:09
Жезқазған мен Сәтбаевта жаңа үйлердің іргетасы ...
30.08.2026
13:30
Алматыда пәтерден өрт шығып, 67 жастағы әйел ау...
30.08.2026
12:23
Қазақстандық танымал журналист анасының қайтыс ...
30.08.2026
11:25
Алматыда ер адам самокаттан құлап, көз жұмды