Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Белсенді Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы қоғам белсендісінің адвокаты Радмир Утепов айтты.
Оның айтуынша, Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 маусымға дейін ұзартылған.
«Бүгін, өкінішке қарай, Алматы қаласының тергеу соты біздің қорғауымыздағы Боқаев Санжар Омарұлының қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты», – дейді заңгер.
Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді.
Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.11.2026
15:07
Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады
25.11.2026
14:50
Арада 11 жыл өткенде Омарбековтің есімі қайта а...
25.11.2026
14:47
Қостанай облысында Мемлекеттік кірістер департа...
25.11.2026
14:07
Мас күйінде анасы мен қызын қағып өлтірген жүрг...
25.11.2026
14:01
ҰҚК «Аграрлық несие корпорациясы» филиалының эк...
25.11.2026
13:24
Жаңаарқада бір түнде үш көлік өртенді