«Сен ауырмашы, алтыным»: Жігер Ауыпбаев сырқаттанып қалған жарына алаңдаушылық білдірді
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жұбайының сырқаттанып қалғанын айтып, оған деген алаңдаушылығы мен жүрекжарды тілегін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің сөзінше, ерлі-зайыптының екеуі де бірдей тамақтан уланып қалған. Әнші бұған дейін өзі ауырған кезде жарының барынша қамқорлық танытқанын ерекше еске алды.
«Мен ауырғанда құдайы қалмай шырылдап, емдеп алушы еді. Енді екеуіміз де уланып қалып, Өскеменге ұшып бара жатырмыз. Алтыным сол, мен ауыра берейін. Сен ауырмашы. Сенің қиналғаныңды көріп, не істерімді білмей, абдырап қалып жатырмын. Сен тек күліп, жадырап, жайнап жүрші. Сенің күліп жүргенің – мен үшін мереке», – деп жазды әнші.
Өнер иесі жарының амандығы мен көңіл күйі өзі үшін аса маңызды екенін айтып, оның тезірек сауығып кетуін тіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...
15.10.2026
18:22
55 оқушы ауруханада: Алматыдағы жаппай улануға ...
15.10.2026
17:53
Ақтөбеде билік митинг өткізуге келісім берді
15.10.2026
17:10
«Әйел 6-9 бала босану керек»: Салтанат Байқошқа...
15.10.2026
16:39
«Сен жетімсің бе?»: Бүркіт жасырын үйленгенін е...
15.10.2026
16:35
Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатын...