Шавкат Рахмонов мансабын аяқтамайтынын мәлімдеді
483
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов өзінің спорттық мансабының болашағына қатысты қауесеттерге жауап берді, деп жазады POLITICO.KZ.
Соңғы кездері спорт сүйер қауым арасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың спорттық мансабына қатысты түрлі қауесет тарады. Ағылшын тілді, артынша ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында оның алған жарақатына байланысты UFC ұйымынан кететіні туралы ақпарат жарияланды.
Спортшының бапкері мен команда басшысы бұл ақпаратты бірден жоққа шығарғанымен, файтердің өзі біраз уақыт үнсіздік сақтап, жанкүйерлерді біраз алаңдатып қойған еді.
Ақыры, Шавкат Рахмоновтың өзі Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасап, барлық болжамға нүкте қойды. Ол жаттығуды тоқтатпағанын және октагонға оралуға асығатынын жеткізді.
«Күн сайын жаттығуда барымды саламын. Жақында ораламын, октагонға қайта шығуды асыға күтемін», – деп жазды спортшы.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
13:38
Тәжірибеге артылған сенім
29.09.2026
13:18
«Жұлдызын жандырсам дедім»: Гүлзира Айдарбекова...
29.09.2026
12:53
Тоқаев Германияға қандай әріптестік ұсынды?
29.09.2026
12:45
«Үнсіз қалмау керек»: Жан Мұқанов шоу-бизнестег...
29.09.2026
12:35
Каспийде қаза тапқан 20 жастағы Алмас Көбенов а...
29.09.2026
12:26
Астанада егіз көтерген әйел екі ұлынан айырылды