"Шерзат пен оның ағасы үшін алаңға 200 мың адам шығады": Желіде фейк ақпарат тарап жатыр

видеодан алынған кадр

Талғардағы оқиғаға байланысты Таразда митинг болады деген ақпарат жалған.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Талғар қаласындағы оқиғаға қатысты Таразда митинг ұйымдастырылады деген жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Кез-келген жалған ақпаратты тарату тұрғындардың бірлігіне, бейбіт тіршілігіне нұқсан келтіретін әрекеттер заң аясында жауапкершілікке алып келетінін еске саламыз. Азаматтарды тек шынайы, ресми ақпараттарға сенуге, ешқандай арандатуларға қосылмауға шақырамыз", – делінген ресми мәлімдемеде.

Әкімдік жалған ақпарат тарататындарға заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу