Шетелдік азамат Қазақстанда қылмыстық топ құрып, 125 млн теңге жымқырған
Телефон арқылы миллиондар ұрлаған шетелдік ұсталды
Түркістан облысының арнайы прокурорлары интернет-алаяқтыққа қатысты ірі қылмыстық істі аяқтап, материалдарды сотқа жолдады. Тергеу барысында Қазақстанда уақытша тұрған шетелдік азаматтың 2024–2025 жылдары жұмыс істеген телефон алаяқтары тобын ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қылмыстық топ мүшелері азаматтарға қоңырау шалып, өздерін пошта қызметкерлері немесе ұялы байланыс операторлары ретінде таныстырған. Осылайша олар жәбірленушілердің атына несие рәсімдеп, ақшаны иемденіп отырған.
Тергеу деректеріне сәйкес, алаяқтардың әрекетінен 21 қазақстандық зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 125 миллион теңгеден асқан.Прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылған. Сондай-ақ үш автокөлікке тыйым салынған. Қалған қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен шешілмек.
Қылмыстық іс бойынша 20 адам қамауда отыр, тағы екі күдікті халықаралық іздеуге жарияланған.Іс соттың қарауына берілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
16:56
Назарбаевтың бұрынғы құдасы түрмеден шықты
10.11.2026
16:55
Журналист Анна Данченко Тоқаевтың қолынан орден...
10.11.2026
16:27
"Қызды гинеколог тексеруі керек": Меруерт Түсіп...
10.11.2026
15:31
31 жастағы жетісулық келіншек төртем босанды
10.11.2026
15:10
«Үш баламен тентіретпе»: әзілкештің әйелі отбас...
10.11.2026
14:29
Қаракемерде үш жасөспірімнің өлімі: бопсалау іс...