Шымкентте жасы үлкен әйел жүкті әйелді ұрып соқты (ВИДЕО)

Шымкентте жасы үлкен әйел жүкті әйелді ұрып соқты (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Жанжал балалардың көз алдында болды

Шымкент қаласында екі әйелдің арасындағы жанжал соңы ауыр жағдайға ұласты, деп хабарлайды Politico.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жасы үлкен әйел екінші әйелге қол көтеріп, оған күш қолданған. Ең сорақысы жәбірленушінің жүкті екеніне қарамастан, шабуыл жасаушы тоқтамаған. Оқиға балалардың көз алдында болғаны жағдайды одан сайын ушықтыра түсті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал тұрмыстық сипатта болған. Дегенмен, нақты қандай себептен туындағаны әзірге белгісіз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу